Ұлытау облысында мемлекеттік қызметтегі 10 басшы құмар ойынға бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды

Фото: Pixabay.com
Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынады. Себебі бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіреді.
- Қазақстандағы мемлекеттік мекемеде істейтін бухгалтер 118 миллион теңгені 1XBet-те бәс тігуге жұмсаған
- Сәтбаев әкімдігінің қызметкері құмар ойынға 16 миллион теңге бәс тіккені үшін жұмыстан босатылды
Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметкерлер қызметінен босатылды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"