"Қатты айғайлаған дауыс естілді": Алматыда өрттен бес адам қаза тапты
Алматыда 26 қарашаға қараған түні жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады.
“Алматыда Rams City тұрғын үй кешенінің қарсы бетіндегі үйден шамамен 15 минут бұрын өрт шықты. Адамдардың қатты айғайлаған дауысы естілді… Барлығы аман болып, ешкім зардап шекпесе екен”, – деп жазды Threads желісіндегі whoiszhanell есімді қолданушы.
Төтенше жағдайлар департаменті 26 қараша күні сағат 03:44-те өрт туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
“Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы бөлімшесі шақырту түскеннен соң төрт минут ішінде оқиға орнына жетті. Құтқарушылар келген кезде үйді түгелдей жалын шарпып, өрт қатты өршіп тұрған”, – делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес, өрт сағат 04:42-де толық сөндірілген.
“Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды. Олардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар. Қазір өрттің шығу себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 35-ке жуық маманы мен 9 техникасы жұмылдырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы қоймалардың бірінен өрт шығып, көрші ғимараттарға таралу қаупі төнгені туралы жазған едік.
"Бес құрсақ көтеріп, бәрінен айырылып қалған": 51 жасында ана атанған маңғыстаулықтың жүктілігі қалай өтті
Әйел өмірінде бес рет құрсақ көтерген
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді
Қазақстандықтар шетелдік платформада жергілікті дүкендерден қарағанда тауарлар әлдеқайда арзан екенін айтып жүр