Алматыда дәрігерлер 72 жастағы науқастан салмағы 5 келі киста алынып тасталды
Алматыда 72 жастағы науқастан салмағы шамамен 5 келі, ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық киста алынып тасталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына (АККА) іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен тығыздалуға шағымданған 72 жастағы науқас түсті. Белгілі болғандай, науқас бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген.
Компьютерлік томография (КТ) нәтижесінде оның құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан алып көлемдегі кистома анықталды.
Ота барысында алынған кистаның салмағы шамамен 5 келі, ал оның ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық болған.

Науқастың жасын, түзілістің көлемін және клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, операцияға мультидисциплинарлық мамандар тобы жұмылдырылды. Хирургиялық араласуды АККА-ның гинеколог дәрігерлері мен хирургтары бірлесіп жүргізді.
"Бұл күрделі клиникалық жағдайлардың бірі болды. Кистома құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатты. Оның көлемі өте үлкен болды: салмағы шамамен 5 келі, ал ішіндегі сұйықтық мөлшері 10 литрге жуықтады. Мұндай жағдайларда ауруды дер кезінде анықтау, дұрыс емдеу тактикасын таңдау және әртүрлі бейіндегі мамандардың үйлесімді жұмысы аса маңызды. Операцияны ауруханамыздың хирургтарымен бірлесіп жүргіздік", - деді дәрігер-гинеколог Риза Керемқұлова.
Мамандар іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе қалыптан тыс тығыздалу сияқты белгілерді елемеуге болмайтынын ескертті.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылордалық дәрігерлер 8 жастағы баланың бауырынан құртқа толы 4 киста алып тастағанын жазғанбыз.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді