Украинада премьер-министрден кейін үкімет те отставкаға кетті

Украина Жоғарғы Радасы премьер-министр Юлия Свириденконың отставкаға кетуін қолдады. Тиісінше үкімет те отставкаға кетуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, тиісті шешімді 258 халық депутаты қолдаған. Украина заңнамасына сәйкес, премьер-министрдің қызметінен кетуі Үкіметтің толық құрамының өкілеттігін тоқтатуды білдіреді.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елдің саяси стратегиясы жаңартылатынын және соған байланысты кадрлық өзгерістер жүргізілетінін мәлімдеген болатын.
"Украинада жаңартылған саяси стратегияны іске асыруды қамтамасыз ететін кадрлық өзгерістер басталады. Біз премьер-министр Юлия Свириденкомен бұл мәселені жан-жақты талқыладық. Қажетті өзгерістерді жүзеге асыру үшін Министрлер кабинетін жаңарту керек деген ортақ шешімге келдік. Юлияға премьер-министр қызметіндегі кәсіби, тұрақты әрі нәтижелі еңбегі, сондай-ақ Украина командасындағы көпжылдық жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын. Мен оған біздің негізгі серіктесімізбен қарым-қатынастағы жаңа маңызды бағытты басқаруды ұсындым", – деді Зеленский.
Көкжайлаудағы QR-код жұртты шулатты: Аумаққа кіру ақылы болып кетті ме