Қазақстанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау үшін банктерден ақпарат алынады
Мемлекет әлеуметтік көмекке қатысты жаңа талаптарды енгізуге дайындалып жатыр. Желтоқсаннан бастап Отбасының цифрлық картасы банктердің жүйелерімен біріктіріліп, жаңа тетік алдымен табысы жоғары азаматтар арасында сынақтан өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек министрлігі 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмекті мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындау тәртібін енгізуге дайындықты аяқтады.
“Биылғы желтоқсанда Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр. Пилоттық сынақ кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен табыс деңгейі жоғары азаматтар, кейін ауқатты азаматтар қамтылады”, – делінген хабарламада.
Министрліктің айтуынша, алдымен жаңа жүйе сынақтан өткізіліп, оның нәтижесі бағаланады. Содан кейін ғана өзгерістерді кеңінен енгізу мәселесі шешіледі.

"Пилоттық жобаны мұқият тексерістен өткізудің бірінші кезеңінде әлеуметтік көмекті оңтайландыру шараларының тиімділігі қаралады. Нәтижесіне қарай бұл жұмыстың ауқымын одан әрі кеңейтеміз", — деді Асқарбек Ертаев.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Енді жәрдемақының бір бөлігін беру кезінде отбасының табысы, баспанасы, көлігі және басқа да мүлкі ескеріледі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқатын бағалайтын калькулятордың таныстыруына қатысты. Ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін өз отбасының мысалында көрсетіп, нәтижесінде калькулятор оны В санатына жатқызды.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды