Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Наконец-то, коронавирус келеді": 2020 жылы басы дауға қалған шенеуніктер

Биылмен тұспа-тұс келген коронавирус пандемиясы көптеген мемлекеттік органдардың іске асырып жатқан шараларының шикілігін көрсетті. Көптеген шенеуніктер лауазымдарынан айырылып, жағымсыз мемлекеттік қызметкер ретінде есте қалды. 2020 жылы халықтың ашуын келтірген шенеуніктер кімдер? Stan.kz редакциясы дайындаған материалдан оқи аласыздар. 

Министрлер 

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов

Коронавирус пандемиясы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің ақсап тұрған тұсын ашып көрсетті. Елде төтенше жағдай жарияланып, қатаң карантин орнатылғанымен, елдегі эпидемиялогиялық ахуал өршіп кетті. Ауруханаларда орын тапшылығы мен дәрілердің уақытылы жеткізілмеуінен жаз мезгілінде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны ұлғайды. Қиын жағдайдың туындауына бірден сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты кінәлай кеткендер көп болды. Осы тұста коронавирусты жұқтырып, ем алып жатқан шенеунік өзінің отставкаға кеткенін жариялады. Оның орнына үш күн ғана бірінші-вице министр болған Алексей Цой ведомствоның басшысы болып тағайындалды. 

Айта кетейік, Елжан Біртанов министрліктен кеткеннен кейін оның қол астында болған денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары бірінен кейін бірі жұмыстан босатылды. Олардың ішінде министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп, вице-министрлер Лязат Ақтаева, Людмилла Бюрабекова бар. Тіпті, одан кейін денсаулық сақтау министрнің орынбасары болған Олжас Әбішов пен "СК-Фармация" басшысы болған Берік Шәріптің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Құзырлы органдардың назарына экс-министрдің өзі де ілікті. Еске салсақ, Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы мәлімдеген еді. Алайда қоғам қайреткерлердің, беделді дәрігерлер мен депутаттар араласып, экс-шенеунікті үйқамаққа ауыстырылды

Ең қызығы, Елжан Біртанов министр қызметінен кеткеннен кейін қазақстандықтардың бір жартысы оны қатал сынға алып, үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етсе, кейбіреулері оны керісінше, жақтай жөнелді. Тіпті, оны шетел фильміндегі қаһармандарға теңегендер де табылды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қанша жалақы алатынын айтты

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Қатаң карантин жарияланғанда көптеген ұйымдар қашықтан жұмыс істеуге көшіп, тіпті, жұмыскерлерді ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұл жағдай қарапайым халық үшін үлкен соққы болды. Дегенмен мемлекет табыссыз қалғандар үшін әлеуметтік жәрдемақы тағайындалатынын мәлім етті. Бұрын-соңды мұндай жайтқа кезікпеген еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қиын жағдайға кезікті. Себебі үкіметтің алдында қысқа мерзімде халыққа жәрдемақы беретін жүйені құрастыру мәселесі тұрды. Алайда 42 500 теңге алуға ағылған халықтың ағымына жаңа құрылған жүйе төтеп бере алмай, еңбек министрі Біржан Нұрымбетов сынға қалды. Брифингтердің бірінде шенеунік ведомствоның қателігін мойындап, жұрт алдында кешірім сұрады.



Айта кетейік, 42 500 теңге Қазақстанда болған екі карантин кезінде берілді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, аталмыш жәрдемақы 2,3 млн адамға тағайындалған. 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Жаһандық індет дәстүрлі оқу жүйесіне де әсер етті. Елімізде алғашқы қатаң карантин басталғалы мектеп оқушылары мен ЖОО студенттері оқу жылының соңына дейін білім алудың онлайн форматына көшірілді. Білім жүйесінің жаңа форматқа өтуге дайын еместігі онлайн-сабақтар басталауымен бірден білінді. Арнайы плафторманың жоқтығы, оқулықтардың онлайн-форматқа сай еместігі, елді мекендердегі интернет пен байланыс жүйесінің нашар болуы білім беру үдерісін қиындатты. Бұл олқылықтар үшін бірінші кезекте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сұрау салынды.

Бір айта кетерлігі, ұстаздар мен оқушыларға жасалған бірқатар жеңілдіктердің арқасында өткен оқу жылындағы қиындықтар байқалмады. Десек те білім министрлігі келесі оқу жылына да дайын еместігін көрсетті. Мектептегі білім беру уәде етілген бірыңғай платформаға көшірілмей, Zoom және Whatsapp арқылы сабақтар қайта жалғасты. Ең сорақысы, бұл жолы оқушылардың сабағына кедергі келтіретіндер көбейіп кетті.


  • Аймағамбетовтың өзі шектеу шараларын орындамайды: Маскасыз жүрген білім министрі сынға қалды

  • Қазақстандық ұстаздар білім беру курстарын қашықтан оқыды: Педагогтер жаңа оқу жылына дайындық қалай жүріп жатқанын айтып берді

  • Қазақстандағы қашықтан оқыту жүйесі өскелең ұрпақтың білімсізденуіне алып келеді - сарапшылар

Эпидемиялогиялық ахуал біраз тұрақталғаннан бері оқушылар дәстүрлі білім жүйесіне қайта оралуда. Ведомствоаралық комиссия үшінші тоқсаннан бастап 9-10 сынып оқушылары және ЖОО-лардың бірінші курс студенттері аралас оқытуға қайта көшірілмек. 

Жумагалиев

                       Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі                                   экс-министрі Асқар Жұмағалиев

Коронавирус басталғанда министр лауазымынан айырылғандардың бірі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бұрынғы министрі Асқар Жұмағалиев болды. Жыл басынан бері ауылды жедел интернетпен қамтамасыз етеміз деп уәде етіп келген шенеунік мемлекет басшысынан қатаң ескерту естіді. Бұдан бір ай уақыт өтпей жатып Жұмағалиевтің министр қызметінен босатылғаны жайлы жарияланды. Экс-министр - қазіргі күні Қазақстанның Нидерландыдағы өкілетті елшісі. Ал оның орнына ведомство басшысы болып Бағдат Мусин тағайындалды.


"Әкесі министрлікте басшы болған": 37 жастағы министр Бағдат Мусин жайлы не білеміз


Бекшин

Лауазымды тұлғалар    

"Наконец-то, коронавирус бізге келеді"

Алматының қазіргі бас санитар дәрігері, бұрынғы мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус індеті келмей жатып жұрттың күлкісіне қалған еді. Сөзінен жаңылысқан бас санитар дәрігер халық алдында есеп берген сәтінде "коронавирус, наконец-то, бізге де келеді" деп айтып, желі қолданушыларының мазағына айналды. Ел арасында түрлі суреттер таралып, шенеуніктің бұл сөзі көпке дейін қазақстандықтардың есінен кетпеді. Бір қызығы, 15 наурызда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін 5 күннен соң Бекшин лауазымын босатып берді. Оның орнына тағайындалған Айжан Есмағамбетова да мемлекеттік бас саниатр дәрігері қызметінде ұзақ отырмады. 


Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерді не себепті ауыстырды? Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді


6 қарашада Жандарбек Бекшиннің басы тағы да дауға қалды. Желі қолданушылары Алматының бас санитар дәрігері рұқсат берген банкеттің құжатын қызу талқылаған еді. Интернетте таралған ақпаратқа сүйенсек, 150 адамдық отырысқа қаланың бас санитар дәрігері рұқсат бергені айтылған. Онда тіпті Бекшиннің аты көрсетіліпті. Кейін келе бұл құжат шындыққа жанаспайтыны жайлы белгілі болды. 

Берік Шәріп

"СК-Фармация" ұйымының экс директоры Берік Шәріп

Биыл жазда ірі қалалардың дәріханаларында дәрі-дәрмектердің тапшылығы орын алды. Қазақстандықтар жаппай дәріханалардың маңын торуылдай бастады. Дәріні үйлестіруге жауапты "СК-Фармация" ұйымы препараттардың тапшылығын қолдан жасады деп айыпталды. Тіпті, кейбір тұрғындардың арасында мекеменің Қазақстанға шетелден жіберілген гуманитарлық көмекті сатуда деген мәлімет таралды. Осыған орай жемқорлыққа қарсы күрес қызметі компанияда тексеріс жүргізуді бастады. Расымен де "СК-Фармацияға" тиесілі қоймалардан қажетті дәрілердің барлығы табылып, аймақтарды тарату кезінде кемшіліктер орын алғаны анықталды. Елдің ауызында жүрген ұйымның басшысы Берік Шәріп ең ақыры президенттің тапсырмасымен жұмыстан қуылды. Бұдан бөлек, компанияның экс-директоры қызметін асыра пайдаланғаны үшін 14 тамызда тұтқындалды



Жұмағұлов

Әйеліне 12-ші көлікті сыйға тартқан ӘМСҚ басшысы Айбатыр Жұмағұлов

Естеріңізде болса, осы жазда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұловтың әйелі, тележүргізуші Гүлбаршын Заированың жазбасы қызу талқыланып еді. Онда журналист күйеуінің өзіне 12-ші көлікті сыйлағанын мақтана айтқан болатын. Белгілі тележүргізушінің бұл жазбасы желі қолданушыларына жақпай қалған секілді. Кейіннен бұл жазбасы да, әлеуметтік желідегі парақшасы да өшірілді. Жарының бұл әрекеті үшін Айбатыр Жұмағұлов жұмысынан айырылды. Оны лауазымынан босатуды Тоқаевтің өзі тапсырған болатын.



"Жауапкершілігі жоқ дәрігерлер"

Карантин кезінде Германияға барып келген Алматы қалалық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың әрекеті желіде наразылық тудырды. Facebook қолданушылары бұрынғы бас санитар дәрігердің бұл қылығы қоғамға қауіп төндірді, сол себепті оны жұмыстан босату қажет деген бастаманы көтерді. Алайда Молдақасымова тек үй карантинімен құтылып кетті. 

Кейіннен Айзат Молдақасымова дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырған орталық аурухана қызметкерлерін жұмысқа жауапсыздық танытты деп айыптап, ендігі жолы әріптестерінің ашуын келтірді. Медицина қызметкерлерінің арасында департамент басшысын сотқа бермекші болғандар табылды. Сондай-ақ, бас санитар дәрігер сыйақы алғаны үшін жемқорлыққа қарсы қызмет үстінен тексеріс жүргізеді. Ең соңы Молдақасымова бұл жұмысынан кетіп, орнына Жандарбек Бекшин тағайындалды. Қазір жұрттың бірнеше рет ашуына тиген шенеунік қалалық емханалардың бірін басқарады. 

"Басымды қатырмаңдар!"

Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов ел есінде ең дөрекі шенеуніктердің бірі ретінде қалары анық. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы жаңа қызметке келмей жатып халықты "басымды қатырмаңыздаршы" деп састырды. Жаңа бас санитар дәрігері артынша бұл сөзі үшін кешірім сұрап, бірде "видеоға монтаж жасалды" десе, тағы бір жолы "халыққа түсінікті тілде сөйлемекші болдым" деп ақталды. Сыдымановқа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тәртіптік жаза тағайындады. 

 

за слова ответишь

Әкімдер

 "Сөзіңе жауап бересің!"

Биыл дөрекі шенеуніктермен қатар, әлеуметтік желіні белсене қолданатын мемлекеттік қызметкерлер де халыққа танылды. Мәселен, ашу үстінде айтылған сөзі үшін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың басы дауға ілікті. "Сөзіңе жауап бересің" деген әкім желі қолданушысын айыптап, менің абыройыма кір келтірді деп сөккен еді. Кейіннен іс насырға шаппай, әкім мен тұрғын арасында екі тарап келісімге келгені мәлім болды. 

ханның қызысың ба

"Ханның қызысыз ба?"

Қызылорда облысының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбеков Жаңақорған ауданында көшелердің  жабылуына байланысты аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалыққызын сынның астына алған болатын. "Сіз жолды жабуды бұйырдыңыз ба? Сіз ханның қызысыз ба? Неге сіз халықты қинайсыз, неге халықпен бірге емессіз?" деп ашуға булыққан тұрғынды қазақстандықтар қолдап жатты. Өз кезегінде облысы әкімі ешқандай бұйрық берілмегенін, бұл мәселені полиция тексеретін болады деп ақталған еді. 

 

Талқылау