Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды
Қаржы мониторингі комитетінде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сот Біртановқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын санциялады. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды", - делінген комитеттің хабарламасында.
Бұған дейін желіде Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарағаны хабарланған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады