Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астананың бұрынғы көші-қон қызметінің басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктеме берді

ҰҚК Мұрат Бейсенбаев
Фото: Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті/https://t.me/kozachkow

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, 1 қыркүйекте қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Тұран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаевты пара алып жатқан жерінде әшкерелеген.

Тергеу мәліметінше, ол қарамағындағы қызметкерлері арқылы кәсіпкерлерден өз басқармасына оң қорытынды беру үшін жүйелі түрде ақша алып отырған.

Журналистің мәліметінше, қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында көрсетілгендей, Мұрат Бейсенбаев 2023 жылғы 24 мамырдан бері Тұран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 09 Қыркүйек, 2026 13:09