Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицияның бұрынғы басшысы қылмыстық істі тоқтату үшін 15 миллион теңге пара алған

Бұрынғы полицей басшысы пара
Фото: Adal.advokat.kensesi

Шымкентте полицияның бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды. Батыр Мырзагелдиев қылмыстық істі тоқтату үшін 15 миллион теңге алғаны дәлелденіп, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс материалдарына сәйкес, Мырзагелдиевке қылмыстық істі тоқтату үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. Алайда сот үкімі бойынша оның кінәсі 15 миллион теңге пара алу фактісі бойынша дәлелденді. Параны беруге көмектескен делдал А. Бекмұратов та сотталып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот оны полковник атағынан және 6 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан шеттеді. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мырзагелдиев биыл сотталған екінші аудандық полиция басқармасының бұрынғы басшысы болды. Оған дейін ақпан айында Тұран аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұржан Тілеуов те алты жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда оның пара көлемі 6 миллион теңге болған.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2026 17:39