Атырауда жемқорлықпен ұсталған әкім міндетін атқарушымен бірге мердігер компания басшысы да қамауға алынды

Атыраудағы резонанс тудырған жемқорлық ісі бойынша күдіктілер саны көбейді. Қала әкімінің міндетін атқарушы Тлек Махуовпен бірге кәріз коллекторларын жөндеу жобасына қатысқан мердігер компанияның басшысы да тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzh.kz порлалына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тлек Махуовпен бірге қалалық кәріз коллекторларын күрделі жөндеу жобасына қатысқан компания басшысы да қамауға алынған.
Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу қалалық кәріз коллекторларын күрделі жөндеу жобасына қатысты жүргізіліп жатыр. Жобаның бас мердігері "Сапа Құрылыс 2007" ЖШС.
Мәліметтерге сенсек, тергеу изоляторына "БУРМОНТАЖGROUP" ЖШС-нің 1988 жылы туған директоры Фархат Енсегенов те қамалған. Басылым дерегіне сәйкес, оған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша күдік келтірілген. Сондай-ақ, "БУРМОНТАЖGROUP" ЖШС аталған жоба бойынша қосалқы мердігер болғаны айтылады.
ОқыңызТлек Махуов ұсталған күні оның 25 жастағы ұлы Алдарбергенұлы Дәулет те ұсталған. Тергеу әрекеттерінен кейін ол босатылған. Ақша қаражаты дәл осы азамат арқылы берілген болуы мүмкін. Сондай-ақ дереккөздер бұл істе күдіктілер саны әлі де көбеюі ықтимал екенін айтады.
Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз сыйақының жалпы көлемі 600 миллион теңгені құраған. Алайда ұсталғанға дейін оның алғашқы бөлігі – 100 миллион теңге ғана берілген. Осыдан кейін Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері күдіктілерді ұстаған.
Редакция ақпаратты растау немесе жоққа шығару үшін Атырау облыстық ҰҚК департаментіне, облыстық прокуратураға және Атырау қаласы әкімдігіне ресми сауал жолдағанын хабарлады.
Айта кетейік, соңғы уақытта Атырау қаласы әкімдігі басшылығына қатысты тіркелген екінші ірі жемқорлық дауы. Бұған дейін қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде Экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі Ермек Махамбетов пен ведомствоның екінші жедел басқармасы басшысының орынбасары Даулет Саринге қатысты қылмыстық іс қаралған еді. Тергеу нұсқасы бойынша Махамбетов қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша күдіктіден қылмыстық істі тоқтатуға уәде беріп, 50 миллион теңге талап еткен. Кейін күдікті құқық қорғау органдарына жүгініп, делдал ретінде пара алмақ болған Сарин ұсталған. Сот үкімімен Ермек Махамбетов 10 жылға, Даулет Сарин 2 жылға бас бостандығынан айырылып, екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді