Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкім халықты алдап жатыр": Өзіне қала әкімі әлеуметтік желіде қоқан-лоқымен жауап берген тұрғын "шок" болғанын айтады

Жуырда Өскемен қаласында қала белсенділері мен әкімнің арасында кикілжің туындап, тұрғындардың біріне шенді "Сөзіңе жауап бересің" деп қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл жәйт белсенді, блогер Александра Осипованың Instagram-да жерлесі мен әкім Жақсылық Омардың арасындағы хат алмасудың скриншотын жариялағаннан кейін белгілі болған. Stan.kz тілшісі әкімнен қоқан-лоқы алған қала тұрғынымен байланысып, мән-жайды білді. 

Скриншотта қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға: "Сөзіңе жауап бересің" деп жазған. 

Қала белсендісі Александра Осипова "Бұл хабарламамен нені меңзедіңіз? Қаланың барлығы жазаңызды күту керек пе? Сіз сөздеріңіз үшін қашан жауап бересіз? 33 млн теңге тұратын көлік, Куленовкадағы (қаланың қымбат ауданы - ред.) зәулім үйіңіз үшін қашан жауап бересіз?! Тек қана қоқан-лоқы көрсетесіз бе?", - деген сөздермен әлеуметтік желілерде әріптесі мен әкімнің арасындағы әңгімені жариялаған.

 

Stan.kz тілшісі қаладағы проблемаларды көтергені үшін айыпты болған қала тұрғынымен байланасып, мән-жайды білді.

Бала-шағасы мен жеке басының қауіпсіздігі үшін қауіптенетінін айтып, тегін атамауды сұраған Александр есімді белсенді шұңқырға айналған жол мен басқа да қала проблемаларын көтергеніне бір жылдан асты дейді. 

"Бұл проблема туралы мен әкімге бірнеше рет жаздым былтырдан бері. Батпақта жүреміз деп жаздым. Әкім ешқандай жауап бермеді. Былтыр бұл мәселе бойынша 4 рет, биыл 2 рет жаздым. Ол жауап бермейді. Шағымдарымды көргенін байқаймын, бірақ жауап жоқ. Ол үшін бұл проблемалар қызық емес. Одан кейін "Самал" деген аудандағы мәселе, көлік тұрақтары, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың дұрыс салмағаны бойынша хабарластым. Жол дұрыс салынбағаннан, шұңқырлар пайда болып, ол суға толып қалған. Не зебра жоқ, тек бір жол белгісі тұр. Жаңбыр жауғанда өту мүмкін емес. Бірақ әкім құлақ аспады", - дейді Александр.

Жақсылық Омардың сөзінен кейін ешқандай әрекет болмаған. Дегенмен алдағы уақытта орын алуын қала тұрғыны жоққа шығармайды. 

"Әкім маған жауап бересің деп жазғасын ештеңе болған жоқ. Бірақ әкім халықты жынды көреді, ол халықты алдап жатыр. Біреудің комментариін салып, авторлығы көрінбейді, соны мен жазды деп салған. Бұл - өтірік, олай алдауға болмайды", - деген пікірде белсенді. 

Александрдың айтуынша, бұған дейін де қала тұрғындары көшелердің біріндегі ағаштардың сақталып қалуы үшін күрескенін айтады. Бірақ қол жинап, әкімдіктің алдына жиналғаннан нәтиже шықпаған.

"Адамдар, белсенділер бұрынғы Ворошилова, қазіргі Шәкәрім. Бір көшедегі ағаштардың шабылмауы үшін күрескен еді. Әкімдікке барды, қол жинады. Керемет теректер болатын. Жылу трассаларын жүргіземіз деп барлығын шауып тастады. Ал олардың орнына өсірген ағаштармен мақтанады. Олардың суарылмай солып қалғанынан да ол бейхабар. Өскен күйде де астында жылу трассаларын жүргізді. Одан ақау шықса, ол ағаштардың да тағдыры белгілі. Біз компромистік шешімін ұсындық. Ағаштарды сақтап қалуға болатын еді. Бірақ құлақ аспады", - деп налиды қала тұрғыны.

Ворошилова көшесіндегі кезінде жайқалып тұрған теректер

Ал үлкен шенді иеленіп отырған адамның қоқан-лоқы көрсетуін Александр ақылға сыйымсыз дейді. 

"Мұндай деңгейдегі шенеуніктің қоқан-лоқы көрсетуі ақылға сыйымсыз. Мұндай нәрсе болмау керек. Бұл - сұмдық. Ең соңғы нәрсе. Мен қалада әділеттілік болғанын қалаймын. Халық үніне құлақ асатын шенділер келгенін қалаймын. Бұл жауапты көргенде шокта болдым. Бұл не деген шектен шығушылық?! Мұндай постты жариялау үшін адам қандай болу керек?! Этикадан жұрдай әкім", - деп жауап берді ол. 

Айта кетсек, Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желілердегі хабарламаға түсініктеме берген еді. Ол әлеуметтік желіде өзін қаралаған, фактілерге немесе дәлелдерге емес, тек эмоцияға негізделген сөздер тарағанын және "мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын жалаға бейжай қарап отыра алмайтынын" айтқан.

Әкім блогерді заңнамада көзделген тәртіппен жауап беруге шақыруға ниетті екенін хабарлады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Уважаемые устькаменогорцы! Вчера в социальной сети появилась частная предвзятая оценка меня лично, не основанная ни на каких фактах или доказательствах, а только на эмоции. Между тем обвинение меня как руководителя города в лицемерии я считаю оскорбительным. Конечно, я не могу оставить такие бездоказательные и оскорбляющие мою честь и достоинство выпады без соответствующей реакции. Причем, когда я сообщил этому человеку об ответственности за оскорбление, он совершенно необоснованно воспринял это личной угрозой, а не призывом следовать в своих действиях требованиям законодательства Республики Казахстан. Я всегда готов выслушать аргументированные, обоснованные претензии. Но, как и любой из вас, не терплю личных, вызванных лишь эмоциями, оскорблений. Со своей стороны я, как и сказал, намерен призвать оскорбителя к ответу предусмотренном законодательством порядке. Подобные оскорбления не имеют никакого отношения к продуктивному диалогу исполнительной власти с населением. Я надеюсь, что вы с пониманием отнесётесь к данному инциденту и продолжите оценивать происходящее объективно, согласно тому, что действительно происходит в нашем городе.

Публикация от Жақсылық Омар (@zhaksylyk_omar)

Талқылау