Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сөзіңе жауап бересің бе": Өскемен қаласының әкімі желідегі жазбасына байланысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде қала тұрғыны мен Өскемен қаласы әкімінің жазысқан хаттарының скриншоты таратылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әкім

Блогер Александра Осипова Instagram-да Өскемен қаласының тұрғыны мен әкім Жақсылық Омар арасындағы хат алмасудың скриншоты жариялады.

Скриншотта қала әкімі сапасыз жолдарға шағымданған хабарламаға: "Сөзіңе жауап бересің бе"деп жазған.

Өскемен қаласының әкімі әлеуметтік желілердегі хабарламаға түсініктеме берді.

"Кеше әлеуметтік желіде мені қаралаған, ешқандай фактілерге немесе дәлелдерге емес, тек эмоцияға негізделген сөздер тарады. Мені қала басшысы ретінде екіжүзді етіп көрсетіп, арымды таптау деп санаймын. Әрине, мен мұндай дәлелсіз және ар-намысымды қорлайтын жалаға бей-жай қарап отыра алмаймын.

Бұл адамға мені қорлағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын айтқанымда, ҚР заңнамасының талаптарын ұстануға шақыру емес, қорқыту деп қабылдады. Жөн-жосығы бар шағымдарды тыңдауға әрқашан дайынмын. Бірақ, өздеріңіз сияқты мен де жеке басыма қатысты жала жауып тұрғанда шыдай алмаймын", - деді қала әкімі.



Әкім блогерді заңнамада көзделген тәртіппен жауап беруге шақыруға ниетті екенін хабарлады.

"Мұндай қорлаудың атқарушы биліктің халықпен нәтижелі диалогына ешқандай қатысы жоқ. Осы жағдайға байланысты түсіністікпен қарап, шын мәнінде қаламызда не болып жатқанына объективті түрде қарайсыз деп үмітенемін", - деп жеткізді ойын Жақсылық Омар.

 

Талқылау