Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев "СК-Фармация" мен әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресте кездесетін қиындықтарға байланысты тергеу жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен  "СК Фармация" компаниясның жұмысына қанағаттанбағанын жеткізіп, алдағы уақытта бұл мәселені қолға алатынын айтты.

"СК Фармация" компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?", - дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар, Тоқаев компания басышыларын орнынан босатып, тергеу жұмыстарын жүргізуді жөн деп тапқан. 

"Тергеу жүргізу керек, туындаған қиындықтарға барлық кінәлілерді айыптау керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен СК Фармация  басшыларын жұмыстан босату керек немесе тергеу жүргізу қажет", - 

Талқылау