Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының екінші президенті болатын адам, деп жазады Stan.kz. Қазақстанды басқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз?

Қасым-Жомарт Тоқаев туралы не білеміз

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамырда 66 жасқа келеді. Ол жалайыр руынан шыққан Алматының тумасы. Қазақстанның жаңа басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы және танымал жазушының отбасында дүниеге келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 жасында, яғни 1970 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсуге шешім қабылдайды. Ал 5-ші курста оқып жүргенінде ол КСРО-ның Қытайдағы Елшілігіне жарты жылдық диплом алдындағы тәжірибеге жіберіледі.
1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітіріп, кейіннен тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдардың докторы атанды.

Қасым-Жомарт Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде кезекті референт ретінде де жұмыс істеді. Содан кейін – КСРО-ның Сингапурдағы елшілігінде қызмет етті. Тоқаев осы бағыттағы жұмысын болашақта да жалғастырды. Оның саяси мансаптағы қадамдары бірінен-бірі өзгере түсті.

Сол жылы Қасым-Жомарт Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Және келесі жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып бекітілді. Ал 1994 жылы сол министрлікті басқарды. Сондай-ақ, 1999 жылдың наурызында премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалып, сол жылдың қазан айында үкіметті басқарды.

Бірақ, Тоқаев 2002 жылғы қаңтарда отставкаға кету туралы өтініш береді. Кейіннен оны сыртқы істер министрінің Мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындады. Тоқаев онда 2007 жылға дейін жұмыс істеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау процесінде белсенді рөл атқарды.

Ал 2007 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасының Сенат төрғасы болып сайланды. Келесі жылдың өзінде ол ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті болды. Сондан кейінгі келесі жылдарда Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі Конференциясының жеке өкілі болып үлгерді.

Айта кету керек, Тоқаев 2007 жылдың маусымынан бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының және «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі болды. Тоқаевтың Қазақстанның саяси құрылымына деген көзқарасы мынадай: «Мықты президент, беделді парламент, жауапты үкімет». Ол бұл туралы 2014 жылғы 24 қарашада Астана қаласында өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген болатын.

Өмір бойы Қазақстанға аянбай еңбек етіп келе жатқан Тоқаев осы уақытқа дейін көптеген марапаттар алды. Дәрежесі өсті. Ол «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көштбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев», «Парасат», «Отан» ордендерімен, сондай-ақ Ресейдің «Достық» орденімен, Украинаның «III дәрежедегі Ханзада Ярослав Данышпан» Украин ордендерімен марапатталды.

Сонымен қатар, Қазақстанның жаңа президенті Ресейдің өмірбаяндық қоғамының нұсқасы бойынша «Жыл адамы – 2018» лауреаттарының тізіміне енген болатын.

Тоқаевтың құрметіне тіпті «БҰҰ қағидаттарына адалдығы мен бейілділігін және БҰҰ-ның Қазақстандағы соңғы 15 жылдағы жұмысына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз» деген алғыс жазылған тақта орнатылды.

Сондай-ақ, ол халықаралық қатынастар мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде жарияланған алты кітаптың және көптеген мақалалардың авторы. 

Айта кетсек, Қазақстанның ең мықты дипломаттарының бірі саналатын Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлей алады және француз тілін де біледі. Отбасы туралы айтар болсақ, жұбайы Надежда Тоқаева Давыдовна екеуінің 1984 жылы туған Тимур есімді ұлдары бар.

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды >>>

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдың маусым айында “Би-Би-Си” арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жетекшісіне берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылғы президенттік сайлауға қатыспайтыны туралы өз ойын айтқан болатын.

Ал, кеше 2019 жылдың 19 наурызында ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешімімен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев парламент спикері ретінде келесі президенттік сайлауға дейін мемлекет басшысы міндетін атқаратын болды. Және бүгін Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, ресми түрде Қазақстан Президенті қызметіне кірісті. 

Мұнымен қатар, 9 маусым күні Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берген. 

Президент өзінің 12 маусымда өткен үндеуінде оның басты мақсаты - еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау екендігін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...