Кенжебек Жанәбіловтің жүрегіне ота жасалды: Әріптесі әншінің қазіргі жағдайы қалай екенін айтты
“МузАРТ” тобының әншісі Кенжебек Жанәбіловтың жүрегіне ота жасалды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мұны топ мүшесі Сәкен Майғазие желідегі парақшасында мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Кенжебек Жанәбіловтың денсаулығы күрт нашарлағаны хабарланған еді. Кейін әншіге кардиологиялық орталықта хирургиялық ем жасалған. Ота шамамен төрт сағатқа созылып, сәтті аяқталған.

“Кенжебекке кеше кардиологиялық орталықта ота жасалып, төрт сағатқа созылған ем-шара сәтті өтті. Алла Тағала шипа берсін. Барша медицина қызметкерлеріне мың рақмет. Қолдарыңыз дерт көрмесін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Айта кетейікғ бұған дейінКенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр бергені хабарланған еді. Өнер иесі сол күні Шымкентте өтетін ән кешіне баруы керек болғанын, алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты ауруханаға жеткізілгенін жазды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар