Дастан Сәтпаев пен "Қайраттың" 13 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды
Алматылық "Қайрат" футбол клубының Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен 14 ойыншысына "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" құрметті атағы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марапаттау рәсімі Тимур Сегізбаев атындағы академияда өтті. Футболшыларға наградаларды клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов, сондай-ақ қазақстандық футбол ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талгаев табыстады.

Құрметті атаққа Темірлан Анарбеков, Дамир Қасаболат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәлі Әбіш және Рамазан Бағдат ие болды.
Сондай-ақ марапатталған футболшылардың қатарында Дастан Сәтпаев та бар. Алайда ол қазір Англияда жүргендіктен, салтанатты рәсімге қатыса алмады.
Еске саслақ, бұған дейін Рафаэль Уразбахтиннің "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткені туралы жазған едік.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді