Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Боранбаевтың Лондонға баруына қатысты түсініктеме берді
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Қайрат Боранбаевқа қатысты шектеулердің жоқ екенін түсіндірді. Кәсіпкер маусым айында пробация есебінен шығарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Алтын доп" марапаттау рәсімінде Лондонда төбе көрсеткен Қайрат Боранбаев енді пробация қызметінің бақылауында емес.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) мәліметінше, қазіргі уақытта кәсіпкерге қатысты жазасын өтеуге және пробация қызметінің бақылауына байланысты ешқандай шектеу жоқ.
"Қазір оған қатысты жазасын өтеуге және пробация қызметінің бақылауына байланысты шектеулер жоқ", – деп мәлімдеді ведомство.

2026 жылғы 1 маусымда сот Боранбаевтың бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының қалған бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Ал 18 маусымда ол пробация қызметінің есебінен шығарылған.
26 қазанда Қайрат Боранбаев Лондонда өткен "Алтын доп" марапаттау рәсімінің ресми трансляциясынан байқалды. Айта кетейік, кәсіпкер "Қайрат" футбол клубының иесі.
Еске салайық, Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.
Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.
Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.
Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.
Перзентханада суретке түскен қазақстандық 4 сәби 20 жылдан соң Threads арқылы бір-бірін тапты