"Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым": Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр берді
“МузАРТ” тобының солисі, танымал әнші Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығы сыр берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парашасында ауруханада жатқан сәтінен сурет жариялады. Өнер иесі бүгін Шымкентте өтетін ән кешіне баруы керек болғанын, алайда жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты ауруханаға жеткізілгенін жазды.
“Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітелуіне байланысты жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым”, – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Әнші өзіне медициналық көмек көрсеткен клиниканың ұжымына және дәрігерлерге алғыс айтты.
“Досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық”, – деді ол.
Қазір Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.
Еске салайық, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтан кейін Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов те мемлекеттік наградаға ие болғаны хабарланған еді.
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
