Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда зорлық жасады деген күдікке ілінген ер адам ұстау кезінде өзіне қол жұмсамақ болған (видео)

Күдіктіні ұстау сәті
Фото: Видеодан скрин

Алматыда полиция жергілікті тұрғынның арызынан кейін зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Алайда күдікті қолға түскен кезде өзіне қол жұмсамақ болып, дене жарақатын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушінің ата-анасы полицияға жүгініп, қыздарына қатысты қылмыс жасады деген күдікпен ер адамның үстінен шағым түсірген.

Оқиға орнына "Боран-127" патрульдік экипажы жіберілген. Полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстаған.

Алайда ұстау кезінде ер адам өзіне қол жұмсамақ болып, дене жарақатын салған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция департаменті әзірге іске қатысты өзге ақпаратты жариялаған жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Қараша, 2026 20:56