Қазақстанда алтын бағасы соңғы 1,5 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті
Қазақстанда алтын арзандап, соңғы 18 айдағы ең төменгі бағаға жетті. 17 қарашада бағалы металдың бір грамы 55 158,73 теңге болды. Соңғы рет алтын мұндай бағаға 2025 жылдың мамырында түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылғы 17 қарашада алтынның бір грамы 55 158,73 теңгеге бағаланған. Бұған дейін мұндай төмен көрсеткіш 2025 жылғы 12 мамырда тіркелді. Ол кезде бір грамм алтын 55 153 теңге болған.

Алтын бағасы биыл 30 қаңтарда шарықтау шегіне жетіп, бір грамы 89 002,6 теңгеге дейін қымбаттаған еді. Содан бері бағалы металл 38%-ға немесе шамамен 33 844 теңгеге арзандады.
Әлемдік нарықта да алтын құны төмендеп жатыр. 2026 жылғы 29 қаңтарда бір трой унция алтынның бағасы 5 354,8 долларға жеткен. Ал қазір Investing.com дерегіне сәйкес, бағалы металдың бір унциясы 3 878 доллар шамасында саудаланып жатыр. Осылайша, қаңтардағы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда алтын 27,6%-ға арзандаған.
Айта кетейік, Қазақстанда алтын құймаларының бағасы соңғы шарықтау шегінен шамамен 16%-ға төмендеді.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті