Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

сәбиін кәрзге ағызған
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында қызылша жұқтырған бір жастағы сәби көз жұмды. Дәрігердің айтуынша, баланың ата-анасы туа біткен жүрек ақауына байланысты екпе салдырудан бас тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде дәрігер Жұлдыз Қоспанова бір жастағы баланың қызылша инфекциясынан қайтыс болғанын жабарлады. Айтуынша, қайғылы жағдай 16 қарашада болған.

"Сағат үште Атырау облысында бір жастағы бала қызылша инфекциясынан көз жұмды. Ата-анасы баласына туа біткен жүрек ақауы, қарыншааралық перде ақауы диагнозы қойылғандықтан екпе салдырудан бас тартқан. Кардиохирург баланы вакцинациялауға тыйым салған", – деп жазған дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, бала туа біткен жүрек ақауы мен қарыншааралық перде ақауына байланысты екпе алмаған. Бұған дейін ол сәбидің қызылшамен ауруханаға түскенін хабарлап, жазылып кетуіне үміттенетінін жазған еді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың көз жұмғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, 14 қарашада сәби Жылыой ауданынан санитарлық авиациямен Атырау облыстық инфекциялық ауруханасына жеткізілген. Бұған дейін ол аудандық ауруханада ем қабылдаған.

"Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Негізгі ауруының асқынуынан екі өкпесі қабынып, тыныс алу және жүрек жеткіліксіздігі дамыды. Дәрігерлер оған қарқынды ем жүргізгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми хабарламасында баланың өліміне қызылша себеп болғанын нақтыламады. Сондай-ақ дәрігер айтқан екпеден бас тарту жағдайына қатысты да ақпарат бермеді.

Еске салсақ, елімізде екпе алмаған балалардың мектеп пен балабақшаға баруына шектеу талқыланған еді. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов мұндай жағдайда әр баланың мәселесі жеке қаралатынын да атап өтті.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 17 Қараша, 2026 16:46