Ғылым министрлігі ҚазҰУ-дағы студенттердің өлімінен кейін тексеру жүргізетін болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да студенттердің қауіпсіздігіне қатысты кешенді тексеру жүргізетін болды. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, арнайы топ университеттегі жанжалдардың алдын алу, студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғау жұмыстарына баға береді.
“ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіледі. Топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуын зерделейді. Сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды. Жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылады”, – делінген хабарламада.
Министрлік тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, өткен аптадағы жұмадан сенбіге қараған түні ҚазҰУ-дағы Журналистика факультетінің студенттері тұратын №5 жатақханада белгісіз себептермен 1-курс студенті қайтыс болды. Студенттердің сөзінше, марқұм жатақханада өз-өзіне қол жұмсаған. Одан соң 16 қарашада ҚазҰУ-дағы екінші студенттің қазасы туралы ақпарат тарады. Осы жағдайлардан соң проректор мен факультет деканы қызметінен босатылды.
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген
"Күйсандық", "қылтима", "үнқағаз": Тоқаев күмән келтірген қазақша аудармалар қаншалықты сәтті
Мамандар қазақ тіліндегі барлық кірме сөзге міндетті түрде балама табу қажет деген пікірмен келіспейді