Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде жоғары табыс табуға көмектесемін деп уәде ететін алаяқтар шықты: Полиция ескерту жасады

алаяқ
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Полиция азаматтардан әлеуметтік желіде, мессенджерлерде және интернет-платформаларда ұсынылатын күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция мәліметінше, алаяқтар өздерін брокер, инвестициялық компанияның қызметкері немесе қаржы сарапшысы ретінде таныстырып, “жоғары табыс”, “кепілді пайда” және “тәуекелсіз инвестиция” ұсынады. Алдымен олар аз мөлшерде ақша салуды сұрайды. Кейін жалған сайт немесе қосымша арқылы шоттағы қаражат көлемі өсіп жатқанын көрсетеді. Одан соң “инвестиция көлемін арттыру”, “комиссия төлеу” немесе “шотты бұғаттан шығару” деген сылтаумен қосымша ақша аударуды талап етеді.

Азамат ақшасын қайтарып алуға тырысқанда, сайт жұмыс істемей қалады. Ал аккаунт бұғатталып, өзін “кеңесші” деп таныстырған адам байланысқа шықпай қояды. Нәтижесінде азамат бар ақшасынан айырылуы мүмкін.

Алаяқтардың арбауына түспеу үшін мына қарапайым ережелерді сақтаған жөн:

100% кепілдікпен жоғары табыс табасыз деген уәдеге сенбеңіз;
бірнеше күннің ішінде ақшаңызды бірнеше есе көбейтуді ұсынатындардан сақ болыңыз;
шұғыл шешім қабылдауға мәжбүрлейтін адамдарға сенбеңіз;
бейтаныс адамдардың нұсқауымен ақша аудармаңыз;
банк картасының деректерін, CVV кодын және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз;
күдікті сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.

Айта кетейік, бұған дейін Курьер алматылық зейнеткерді алаяқтардан құтқарып қалғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 15 Тамыз, 2026 15:10