Екібастұзда алты жасар бала көлік астына түсіп мерт болды
Екібастұзда тұрғын үй ауласында жеңіл көлік алты жасар баланы қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екібастұзда тұрғын үй ауласында жеңіл көлік алты жастағы баланы қағып, салдарынан бала қаза тапты. Оқиға 19 қыркүйек күні сағат 18:30 шамасында болған. Фактіні Павлодар облысының полиция департаменті растады.
Полиция мәліметінше, бала өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Марқұм баланың туыстарының айтуынша, көлік тізгінінде қыз болған.
Олардың сөзінше, жүргізуші аулада орналасқан "жасанды жол кедергісіне" қарамастан, көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізген. Мәліметтерге сенсек, көлік жүргізушісі ұсталған.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды. Әсіресе тұрғын үй аулалары мен адам көп жүретін аумақтарда сақтық таныту қажет.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргінші қызды қағып өлтірді. Оқиға 12 тамызда Алматының Бостандық ауданында болған. Полиция мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен келе жатып, 1996 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 30 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
