Алматыда жолаушылар автобусы жаяу жүргінші қызды қағып өлтірді
Алматыда жолаушылар автобусы 30 жастағы қызды қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 12 тамызда Бостандық ауданында болған.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобустың жүргізушісі Мұстафин көшесімен келе жатып, 1996 жылы туған қызды қағып кеткен.

Өкінішке қарай, жаяу жүргінші алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ