Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бас киімі ұшып кеткен": Алматыда электрвелосипед мінген курьер қауіпті жол апатына себеп болды

Жол апаты
Фото: Видеодан скрин

Алматыдағы Сайын көшесінде электрвелосипед мінген курьер қауіпті жол апатына себеп болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға бейнебақылау камераларынан алынған видеолар көмектескен. 

Кардларда электрвелосипед жүргізушісінің қозғалыс кезінде бас киімін түсіріп алып, оны көтеру үшін тоқтағаны көрінеді.

“Оның артынан көліктер легі де тоқтайды. Осы сәтте су таситын көлік жүргізушісі тежеп үлгермей, соқтығысуды болдырмау үшін көлігін бір жаққа бұрып, металл қоршауға соғылған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ”, – делінген полиция хабарламасында. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы полициясы бұл жағдай жолдағы жағдайдың санаулы секундта өзгеруі мүмкін екенін тағы бір еске салғанын атап өтті. Полиция жүргізушілерді арақашықтықты сақтап, алдағы көліктің күтпеген маневріне дайын болуға шақырды. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада электрсамокаттағы үш жасөспірім автобус астына түсе жаздағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2026 22:54