Алматыда прокурордың мас күйде ұсталғаны туралы ақпарат тарады: Полиция тексеру жүргізіп жатыр
Желіде Алматы полициясы Алматы облысы аудандарының бірінің прокурорын мас күйінде ұстағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads желісінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде болған оқиғадан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Осыған байланысты ұсталды", – делінген жазбада.
Сонымен қатар жазбада ұсталған азаматтың кейін босатылғаны айтылған.

Жазбаның астындағы пікірлерде Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде жанжал болғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Оқиғаға қатысушылар Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады", – делінген полиция хабарламасында.
Алматы облысының прокуратурасы әзірге аталған жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Таразда лауазымды полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізгені үшін жұмыстан шығарылғаны туралы жазған едік.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті