Таразда лауазымды полиция қызметкері мас күйінде көлік жүргізген

Желіде Тараз патрульдік полициясы Сарысу ауданының әкімшілік полиция басқармасының басшысы Әкімжан Қанатбековты тоқтатқан сәт түсірілген видео пайда болды. Ол мас күйде көлік жүргізді деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейнежазбада жүргізуші көлік тізгінінде өзі емес, оның "қарындасы" болғанын айтады.
Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Әкімжан Қанатбековтың ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін хабарлады.
"Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Заңға қайшы әрекет жасағаны үшін көрсетілген тұлға ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылады. Полиция департаменті заң мен қызметтік тәртіпті кез келген бұзушылыққа қатысты принципті ұстанымда болып, кінәлі тұлғалардың лауазымына, атағына және қызметтік жағдайына қарамастан жауапкершіліктің бұлтартпауын қамтамасыз етеді", – деп мәлімдеді ведомство.
Шәйнектегі қақтың бүйректе тас жинайтыны қаншалықты рас: Мамандар жауап берді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған