Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге мас күйде ұсталды

Ақтөбеде майор шеніндегі әскери қызметкер есірткіге қатысты күдікпен ұсталды. Оны көшеде мас күйде байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 28 мамыр күні Ақтөбе қаласында болған. Майор Қазанғап көшесінде көзге түсті. 39 жастағы әскери қызметкерді тексеру кезінде ол қағазға оралған түйіншекті өзі тапсырған. Жасыл түсті өсімдік тектес заттың иісі болған.
Майорды ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе бөлімі мен Ақтөбе қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары тоқтатқаны белгілі болды.
Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша майордың есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
Оқыңыз