Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Дана Медеуова Instagram парақша ашып, Құрылтайдағы жұмысын көрсетті

Дана Медеуова
Фото: Видеодан скрин

Дана Медеуова Құрылтайдағы қызметі туралы алғаш пікір білдіріп, жұмыс барысын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат Дана Медеуова Instagram парақшасын ашып, алғаш рет Құрылтайдағы жұмысын көрсетті. Кадрдан депутаттың әріптестерімен сөйлесіп, құжаттармен жұмыс істеп, отырыстарға қатысып жүргенін көруге болады. 

“Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын жоғары өкiлдi орган, бір палаталы Парламент – Құрылтайдың депутаты болу мен үшін үлкен мәртебе”, – делінген видеоның жазбасында. 

Сонымен қатар депутат Құрылтайдың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына кіргенін атап өтті. 

46 жастағы Медеуова Парламентке "Әділет" партиясының партиялық тізімі бойынша өтті.

Еске салсақ, бұған дейін депутат Айдос Сарым Тоқаевтың жиені қалай депутат болғанын түсіндірген еді. Оның айтуынша, президенттің жақын туысының депутаттыққа келуі Конституцияға қайшы емес.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2026 21:31