Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада электрсамокаттағы үш жасөспірім автобус астына түсе жаздады

электрсамокат
Фото: @halyqstan

Астанада электрсамокат мінген үш жасөспірім жол-көлік оқиғасына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 13 тамызда Түркістан көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімдер автобус жолағымен көлік қозғалысына қарсы бағытта жүрген. Куәгерлердің айтуынша, олар аялдамаға кіріп келе жатқан автобус пен бордюрдің арасынан өтуге тырысқан.

Екі жасөспірім өтіп үлгергенімен, үшіншісі автобустың астына түскен. Самокат автобустың дөңгелегі астында қалып, Yutong көлігінің алдыңғы әйнегі сынған.

Жасөспірім аман қалды. Полиция мәліметінше, ол ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер тексергеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп, оның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыда Қазақстан мен өңір үшін бірегей жоба Біріккен микромобильдік оператор іске қосылады. Бұл жоба қалалық мобильділік басқармасы мен полицияның қолдауымен, Jet, Yandex, Whoosh сияқты ірі шерингілік қызметтермен бірлесе жүзеге асырылды. Жоба қалада микромобильдерді қауіпсіз және реттелген түрде қолдануға, жол тәртібін жақсартуға және адамдарға дұрыс пайдалану мәдениетін үйретуге бағытталған.

Айым Атамбаева
Жұма, 14 Тамыз, 2026 09:46