Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шетелге жұмыс істеуге баратын азаматтарды есепке алып, бақылап отырмақ

шетел
Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Қазақстан шетелге жұмыс істеу үшін шығатын азаматтарды есепке алып, олардың сапарын бақылап отырмақ. Шара адам саудасы мен еңбек қанауының алдын алуға бағытталған. Тиісті жоспарды премьер-министр Олжас Бектенов бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

28 қазан күні Үкімет басшысы “Қазақстан республикасы Үкіметінің 2027–2029 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” қаулыға қол қойды.

Құжаттың толық нұсқасы “Әділет” ұлттық құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланған.

Жоспарға сәйкес, шетелге еңбек ету мақсатында шығатын қазақстандықтарды есепке алу және олардың сапарын бақылау тетігі әзірленеді. Бұл арқылы азаматтардың шетелде еңбек қанауына ұшырауы мен адам саудасының құрбаны болу қаупі азаяды. Аталған шараны 2027 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қазақстанда жүрген шетел азаматтары мен еңбек мигранттарының құқығын қорғау жұмысы күшейтілмек. Оларға заңгерлік және әлеуметтік көмек көрсету, құқықтары мен қорғану жолдары туралы ақпарат беріледі. 

Сонымен қатар адам саудасының алдын алу үшін еңбек мигранттарының жұмыс және тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізу жоспарланған.

Үкімет жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен жұмысқа орналастыруға делдал болатын ұйымдардың қызме

Айта кетейік, бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге кеткен бір топ қазақстандық елге қайта алмай отырғаны туралы жазған едік. Жігіттердің айтуынша, олар күзет агенттігіне жұмысқа орналасу үшін барған. Алайда құжаттарға қол қойғаннан кейін оларға соғысқа аттануға міндетті екендері айтылған. Желіде тараған видеоүндеуден кейін сыртқы істер министрлігі Ресейдегі соғыс аймағынан қазақстандықтарды қайтару неге қиын екенін түсіндіріп, мәлімдеме жасады.  

Кейін 22 қазан күні соғыс аймағына түскен 12 бала елге қайта оралған. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 03 Қараша, 2026 13:27