Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі соғыс аймағынан қазақстандықтарды қайтару неге қиын екенін түсіндірді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БАҚ-та жарияланған Ресейдегі қазақстандықтардың елге оралуына көмек көрсету туралы өтініштеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы мәлімдемені министрлік ресми өкілі Жанболат Үсенов өзінің Telegram-арнасында жариялады.
“Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы”, – деді министрлік өкілі.
Жанболат Үсенов министрліктің әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибесі бар екенін атап өтті.
“Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді. Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін Министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді”, – деді ол.
Министрлік өкілі бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға көмектесуді сұрады.
“Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет”, – деді министрлік өкілі.
Сонымен қатар қазақстандықтарды отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында Ресей тарапымен консультациялар жалғасып жатқаны атап өтілді.

Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездескен. Жақын арада Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ресей сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізбек.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
+7 (7172) 72-05-00
[email protected]
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
+7 (925) 897-71-14
[email protected]
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (906) 177-70-88
[email protected]
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (905) 020-30-42
+7 (843) 202 05 92
[email protected]
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (968) 100-73-06
[email protected]
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (939) 919-76-33
[email protected]
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
+7 (981) 916-25-12
+7 (921)-188-90-60
[email protected]
Еске салсақ, бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге кеткен бір топ қазақстандық елге қайта алмай отырғаны туралы жазған едік. Жігіттердің айтуынша, олар күзет агенттігіне жұмысқа орналасу үшін барған. Алайда құжаттарға қол қойғаннан кейін оларға соғысқа аттануға міндетті екендері айтылған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді