"Не Украинаға соғысқа барасың, не 15 жылға сотталасың": Ресейге жұмыс істеуге кеткен бір топ қазақстандық елге қайта алмай отыр
Ресейге жұмыс істеуге кеткен бір топ қазақстандық елден көмек сұрап, видеоүндеу жолдады. Жігіттер айтуынша, олар күзет агенттігіне жұмысқа орналасу үшін барған. Алайда құжаттарға қол қойғаннан кейін оларға соғысқа аттануға міндетті екендері айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін осы жігіттердің арасындағы Айнабек деген жігіттің әпкесі редакциямыздан көмек сұрап жүгінген еді. Айтуынша, бауырын күзетші боласың деп алдап, Ресейдің Луганск қаласына алып кеткен.
Айнабектің анасының айтуынша, ұлы орыс тілін нашар түсінеді екен. Айнабек құжаттарға онда нақты не жазылғанын түсінбей қол қойған. Жас жігіт күзет агенттігіне жұмысқа орналасып жатырмын деп ойлаған.
"Мен бұл жерге алданып келдім. Күзет агенттігі туралы досымнан естідім. Біз үшеу болып келдік. Бізге жұмыс істейтінімізді айтты. Бізді алдап, құжаттарға қол қойдырды. Кейін бізге: "Болды, енді соғысқа барасыңдар" деді. Не соғысқа барасыңдар, не 15 жылға сотталасыңдар деді. Біз қорқып қалдық, басқа амал болмады. Сондықтан осында келдік", – дейді Айнабектің өзі видеода.
Редакциямыз осы мәселе бойынша Сыртқы істер министрлігінен пікір сұрады. Министрлік жағдайдан хабардар екенін атап өтті.
“Бұл мәселе бойынша Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық нота жолданды. Ресей тарапымен тиісті жұмыс жалғасуда. Жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрағаны туралы жазған едік.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"