Енді Алматыда "Сергек" электрсамокат мінгендерді бақылайды
Алматыда электрсамокат жүргізушілері жол ережесін бұзса, оны "Сергек" камералары автоматты түрде тіркейтін болады. Қазір полиция самокаттарды жалға беретін кикшеринг компанияларының жүйесін “Сергекпен” және Ішкі істер министрлігі базасымен біріктіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, заңнамадағы жаңа талаптар күшіне енген соң электрсамокат ресми түрде көлік құралы ретінде танылды. Осыған байланысты самокат жүргізушілері мен кикшеринг компанияларына да жаңа міндеттер жүктелді.

Қазір полиция кикшеринг операторларымен бірлесіп, олардың деректерін Ішкі істер министрлігінің базасы мен “Сергек” жүйесіне біріктіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жұмыс аяқталған соң жол ережесін бұзу фактілері автоматты түрде анықталып, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылмақ. Әзірге самокат жүргізушілерін полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар және мобильді патрульдер бақылайды.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 18 мыңнан астам электрсамокат жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, бұған дейін "Сергек" енді жол ережесін бұзған самокатшыларды да анықтайтыны туралы жазған едік.
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты