Алматыда самокат мінген ер адам жиектасқа соғылып көз жұмды
Алматыда түнгі уақытта электрсамокат мінген ер адам жиектасқа соғылып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы жағдай Төле би даңғылына жақын орналасқан Варламов көшесінде болды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 44 жастағы ер адам электрсамокатпен келе жатып, оны басқара алмай жиектасқа соғылып, құлаған.
Салдарынан ауыр жарақат алды. Оқиға орнына дәрігерлер дереу жетті.
“Көрсетілген көмекке және реанимация шараларына қарамастан, ер адамды дәрігерлер аман алып қала аламады", – деп мәлімдеді полиция.
Алдын ала ақпаратқа сенсек, ер адамның басында шлем және басқа да жеке қорғаныс құралдары болмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту
