"Бір жан үшін": Мадина Сәдуақасова кино әлеміне қадам басты
Әнші Мадина Сәдуақасова алғаш рет киноға түсіп, өзін жаңа қырынан байқап көрді. Өнер иесі “14 күн” фильмінде бой көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мадина Сәдуақасова кеше фильмді көруге барғанын айтып, бұл туындының өзі үшін ерекше екенін жеткізді. Себебі бұл – оның кино саласындағы алғашқы тәжірибесі.
“Киноға алғаш рет түсуім. Мен киноға мүлдем түспеймін! Бірақ осы жылы дебют болды менде. “14 күн” фильміне түскен себебім – ол жерде бір жан бар… Сол үшін ғана”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесі фильмге түсуіне себеп болған адамның кім екенін ашып айтпады.

Әншінің сөзінше, картинада ол арнайы кейіпкердің рөлін сомдамаған, экранға өз бейнесінде шыққан.
“Бұл фильмде мен өз-өзімді ойнадым. Маған бұл рөл ұнады. Мені кинодан көріп, белгілеп жатқандарыңызға алғысым шексіз”, – деді Мадина Сәдуақасова.
Сондай-ақ әнші фильмді көріп үлгерген оқырмандарынан пікір қалдыруды сұрап, әлі бармаған көрермендерді киноны тамашалауға шақырды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты