Түркістан облысында шаруалардың 12 мың тоннаға жуық буылған шөбі өртеніп кетті
Түркістан облысында 12 мың тоннаға жуық буылған шөп өртенген ірі өрт сөндірілді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Оқиға Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында болған.
Өрт шыққаны туралы "112" қызметіне хабар түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер серіктестіктердің бірінің аумағында бастырма мен шамамен 12 мың тонна буылған шөп жанып жатқанын анықтаған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, орман шаруашылығының мамандары, Қорғаныс министрлігінің күштері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында үйлері суға кеткен ауыл тұрғындары өз күштерімен бөгет тұрғызған болатын. Олар Төтенше жағдай қызметінен көмек келгенше, биіктігі 1,5 метр болатын бөгетті өздері қалаған.
“Айтсаң, өлтіремін деді": Ақтөбеде оқушы қызды бала кезінен танитын көршісі зорлаған
22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды
"Жүлдені өз адамдарына береді": Қазақстандық ақындар мүшәйралардағы жершілдік пен тамыр-таныстықты сынады
Әдебиеттанушы кейбір байқауларда жүлдеге таласушылардың таныстары арқылы орын сұрататынын да айтады