"Тек чемпион емес, жақсы әке": Елдос Сметовтің видеосы желі қолданушыларын тәнті етті
Әлеуметтік желіде дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті әуежайдан жақындары күтіп алған сәттің видеосы кең тарады. Видео желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Видеода спортшыны әуежайдан отбасы мүшелері қарсы алғаны түсірілген. 31 жастағы танымал дзюдошының бес баланың әкесі. Желі қолданушылары спортшының халықаралық аренада жоғары марапаттарға қол жеткізіп қана қоймай, отбасына қамқор әке болуға да уақыт табатынын атап өтті.

Жазба авторлары мен видеоны көргендер спортшының отбасылық құндылықтары мен жетістіктеріне ерекше сүйсінген.
"Елдос Сметов – татамидегі чемпион, ал үйінде қамқор әке. Оның басты күші мен мотивациясы – бес баласы. Нағыз чемпиондар тек медаль үшін ғана емес, отбасы үшін де күреседі", – делінген видео сипаттамасында.
Желі қолданушылары видеоны бір-бірімен бөлісіп, спортшыға жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Сондай-ақ оны өскелең ұрпаққа үлгі болатын азамат ретінде бағалаған.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген