Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам көшеде түлкіні қарғыбаумен серуендеткен: Экология министрлігі тексеріс бастады (видео)

Түлкі
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғындардың түлкіні көшеде қарғыбаумен серуендетіп жүргені түсірілген видео кеңінен тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Threads желісінің қолданушысы қала көшелерінің бірінде түсірілген видеоны жариялаған. Кадрлардан ер адамның түлкіге ұқсайтын жануарды қарғыбаумен жетектеп келе жатқанын көруге болады. Оның жанында тағы бір қыз итін серуендетіп жүр.

Жазба авторы күтпеген көрініске таңданысын білдірген. Ал желі қолданушыларының бірі жануарға сұлулығана сүйсінсе, енді бірі әзілге айналдырған. Дегенмен кейбір қолданушылар түлкінің жабайы жануар екенін ескертіп, оның адамды тістеуі қауіпті болуы мүмкін екенін жазған.

Экология министрлігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше хабарлауынша, Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тиісті тексеру жүргізу тапсырылған.

Комитет өкілдері түлкінің жабайы жануарлар дүниесіне жататынын және оны ұстау үшін белгіленген тәртіппен тиісті рұқсат алу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамасында жабайы жануарларды қоғамдық орындарда серуендетуге тікелей тыйым салынбағаны айтылды.

Еске салсақ, бұған дейін Рудныйда тұрғын үйге кіріп кеткен жабайы түлкіні арнайы қызмет өкілдері өлтіріп алғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 30 Қазан, 2026 20:53