Рудныйда тұрғын үйге кіріп кеткен жабайы түлкіні арнайы қызмет өкілдері өлтіріп алған (видео)
Видеодан скрин
Рудный қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің кіребересіне кіріп кеткен жабайы түлкіні арнайы қызмет өкілдері өлтіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардан түскен хабардан кейін оқиға орнына полиция мен арнайы қызметтер келген. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аурулардың таралу қаупін ескере отырып, жануардың жақын маңдағы супермаркет пен балабақша аумағына шығып кетпеуі үшін подъезд бен жертөле қоршауға алынған.
Түлкіні аулау "ұстау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару” бағдарламасы аясында жүргізілген.
“Мамандар ұйықтататын дәрі қолдану арқылы түлкіні әрекетсіз күйге келтіруге әрекет жасады. Алайда жануардың жасы ұлғайғаны және қатты әлсірегені салдарынан препарат күткендей әсер етпеді. Одан арғы әрекеттер қолданыстағы биологиялық және ветеринариялық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Нәтижесінде қатты әлсіреген түлкі ұйықтататын дәрінің әсеріне төтеп бере алмай, қаза тапты.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген