Қазақстанда нені сән-салтанат деп санап, салық салуға болады: Депутаттар жауап берді
Депутат Айдос Сарым мен Олжас Құспан Құрылтай кулуарында қазақстандықтардың сән-салтанат санаты қалай есептеліп, сол бойынша салық қалай салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Айдос Сарымның сөзінше, әр бөлікті мұқият тексеру қажет.
“Сән-салтанатқа жататын қымбат дүниелер бар. Оларға алтын, гауһар тастар, құны 200 мың доллардан асатын көліктер, катерлер мен ұшақтар жатады. Міне, осындай мүлікке назар аудару керек. Бұл мүлік немесе аса жоғары табыс болуы мүмкін, олардың тізімі жасалады. Сондай-ақ мұраға қалған дүние-мүлік пен басқа да активтер болуы ықтимал”, – деді Айдос Сарым.
Депутат Олжас Құспанның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлемдерге қатысты ұсынған санаттарды қараса, А және Б санаттарына жататын адамдарға әлеуметтік жәрдемақы берілмейді.
“Менің ойымша, дәл осы санатқа жататын адамдарға сән-салтанат салығы салынуы мүмкін. Салық мөлшерлемелеріне қатысты мәселелерді Салық кодексінде бекіттік. Енді қандай мүлікке қосымша салық салуға болатынын анықтау қажет”, – деді депутат.
Сондай-ақ депутат өнер туындыларының арасында қымбат картиналар бар. Осындай активтердің барлығы есепке алынып, олардың құны анықталуы қажет, яғни мүлікке бағалау жүргізілу керек.
Еске сала кетейік, Құрылтай депутаттары Айдос Сарым мен Асхат Аймағамбетов ауқатты қазақстандықтарға жоғары мөлшерлемемен салық салу туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр