Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Марокко мен Кубадағы жаңа елшілерін тағайындады

Тоқаев
Фото: Ақорда

Тоқаев Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілерін тағайындады. Мемлекет басшысының жарлығымен Айнұр Дәненова мен Олжас Исабеков жаңа қызметтеріне кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кадрлық ауыс-түйіс туралы Ақорда мәлімдеді. 

“Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құрылатынын мәлімдеген еді. 

 

Гүлсезім Мұхатай
Сенбі, 31 Қазан, 2026 11:55