Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын қадағалайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты
“28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді”, – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін президент "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Халықтық құрылыс" бағдарламасын ұсынған болатын. Президенттің айтуынша, жоба аясында елді мекендерге газ бен ауыз су тартылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жаңғыртылады.
"Орташа айлық – 1 700 000 теңге": Қазақстандық дәрігерлер отбасы Германияға көшіп, табысын 10 есе арттырған
Шетелдегі қазақ дәрігер: "Айлығым шамамен 4 440 еуро, яғни 2 240 000 теңге"
Қазақстандағы ең қымбат ТОП-10 қонақүй: Бір түннің құны қанша
Қазақстандағы ең қымбат қонақүйлердің бірінде бір апта демалу құны - 2,8 миллион теңге.