Президент "Халықтық құрылыс" атты ауқымды жобаны ұсынды: Бұған не кіреді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауында "Халықтық құрылыс" бағдарламасын ұсынды. Президенттің айтуынша, жоба аясында елді мекендерге газ бен ауыз су тартылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жаңғыртылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоба аясында өңірлерде газ және ауыз су жүйелері тартылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қомақты қаржы бөлінбек.
"Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қомақты қаржы бөлінеді. Көптеген елді мекендерге газ және таза ауыз су тартылады. Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді. Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек. Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет. Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына "Халықтық құрылыс" деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін", – деді Тоқаев кезекті жолдауында.

Сонымен қатар мемлекет басшысы "Халықтық құрылыс" бағдарламасы азаматтардың әл-ауқатын арттыратына сенімді екенін айтты.
"Кәсіпкерліктің өркендеуіне, дамуына, ұлттық экономиканы жандандыруға зор ықпал ететін төл тарихымыздағы ең үлкен инфрақұрылымдық жоба болмақ. Аталған бастама жүз мыңдаған адамды жұмыспен қамтиды, оның игілігін тұтас халқымыз, әсіресе, өскелең ұрпақ көреді деп кәміл сенемін", – деді Тоқаев.
Еске салайық, Қазақстан халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік инфрақұрылымды дамытуды тапсырды. Оның сөзінше, бұған 2029 жылға дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінедіү
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"