Алматыда алаяқтар Канье Уэсттің концертіне жалған билеттер сатпақ болған: Полиция ескерту жасады
Алматыда алаяқтар Канье Уэсттің концертіне жалған билеттер сатпақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер алдағы концертке билеттер сататыны туралы хабарландыру жариялаған жігітті анықтаған.
Күдіктінің заңсыз әрекетінің жолы дер кезінде кесіліп, ол сатып алушыларды алдап үлгермеген.

Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми қызметтер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні туралы жазған едік. Өнер иесінің концерті 2026 жылдың 14 тамызында Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген