Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концертіне байланысты "Қайрат" еурокубоктағы матчын басқа қалаға ауыстырды

мәлімдеме
Фото: instagram.com/kairat4/

Канье Уэсттің концертіне байланысты “Қайрат” Еуропа лигасы аясындағы матчын Түркістанда өткізетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматылық “Қайрат” футбол клубы ресми мәлімдеме жасады. 

“14 тамыз күні Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеды. Сол себепті стадион еурокубоктың үшінші іріктеу кезеңіндегі матчты қабылдай алмайды. Қалыптасқан жағдайды және еурокубок ойындарының тығыз кестесін ескеріп, клуб УЕФА-ға үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал үй матчын басқа жерде өткізуге рұқсат сұрап өтініш жолдады. Өтініш қаралған соң кездесуді Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена" стадионында өткізуге келісім берілді”, – делінген клубтың мәлімдемесінде.

Матчтың нақты күні мен билет сатылымының басталуы туралы ақпарат қарсылас анықталған соң айтылады. 

Бұған дейін Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт беретінін жазған едік. Әлемдік деңгейдегі рэпердің Алматыдағы концерті туралы ақпаратты Алматы әкімдігі де растаған. Десе де кейін Канье Уэсттің Орталық стадиондағы концертіне қатысты “Қайрат” клубы наразылық білдірген. Себебі концертті ұйымдастырушылар клубпен іс-шараның өтетін күні мен оны өткізу мәселесін алдын ала келіспеген.

Нұрила Жұмаділлә
Жұма, 24 Шілде, 2026 19:16
Талқылау