Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ер адаммен бірге тұратын екі құрбы сегіз баланы бірге тәрбиелеп отыр

Аманда Коутс, Деннис, Виктория
Фото: Jam Press/

АҚШ-та екі жақын құрбы бір ер адаммен бірге отбасы болып өмір сүріп, сегіз баланы бірге тәрбиелеп отыр. 38 жастағы Аманда Коутс күйеуі Деннис және ең жақын құрбысы Викториямен құрған отбасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jam Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аманданың сөзінше, Виктория олардың отбасына аяқ астынан қосылған. Ажырасқаннан кейін қиын жағдайға тап болған әйелге Аманда уақытша өз үйінде тұруды ұсынады. Сол кезде Аманда мен Деннис 13 жылдан бері бірге болған және ерлі-зайыптылар қарым-қатынастың ашық форматы туралы ойлана бастаған.

Кейін Аманданың өзі күйеуін құрбысына көңіл бөлуге итермелеген. Уақыт өте келе үшеуі бір отбасы ретінде бірге тұру туралы шешім қабылдайды.

Әйелдердің айтуынша, олар мұндай өмір салтын өздеріне қолайлы санайды. Дегенмен мұндай қарым-қатынас форматы барлығына бірдей жараса бермейтінін мойындады.

Қазір үшеуі бір шаңырақ астында тұрып, сегіз баланы бірге тәрбиелеп отыр. Аманда мен Викторияның бұрынғы қарым-қатынастарынан туған балалары да, Деннистен туған балалары да бар.

“Кейде қай баланы кім туғанын ұмытып та кетемін. Өйткені бәріне бірдей қараймын”, – дейді Аманда.

Аманда Коутс, Деннис, Виктория
Фото: Jam Press/

Ол Викториямен арасында романтикалық қатынас жоқ екенін де атап өтті.

“Виктория – менің өмірлік серігім, мені толықтыратын адам әрі ең жақын құрбым”, – дейді әйел.

Аманданың айтуынша, бастапқыда ол күйеуін құрбысына қызғанған. Алайда уақыт өте келе олар туындаған мәселелердің бәрін ашық сөйлесу арқылы шешуге үйренген.

“Біз – бір командамыз. Отбасының амандығы мен тыныштығы бәріміз үшін ортақ басымдық”, – дейді ол.

Аманда Коутс, Деннис, Виктория
Фото: Jam Press/

Еске салайық, бұған дейін 30 жылдан аса құрбы боп жүрген қыздар апалы-сіңлі болып шыққаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Жексенбі, 20 Қыркүйек, 2026 15:27