Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемде паспортсыз шетелге шыға алатын үш адамның кім екені белгілі болды

үш патша
Фото: Карл ІІІ, Масако және Нарухито

Шетелге шығу үшін көпшілікке паспорт қажет. Алайда Ұлыбритания королі Карл III пен Жапония императоры Нарухито және патшайым Масако мұндай талаптан босатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Британ монархы бұл артықшылықты анасы, патшайым Елизавета II қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен алған. Корольдік отбасының ресми сайтында монархқа шетелге шығу үшін британдық паспорт қажет емес екені көрсетілген. Оның орнына Карл III-ке иесін кедергісіз өткізіп, оған қажетті көмек пен қорғауды сұрайтын арнайы құжат беріледі. Британ корольдік отбасының басқа мүшелері кәдімгі паспортпен саяхаттайды.

Жапония императоры Нарухито мен патшайым Масаконың да осындай ерекше мәртебесі бар. 1971 жылы Жапония үкіметі император мен императрицаға паспорт беруді "өте орынсыз" деп шешкен. Олардың қарапайым азаматтар сияқты шекарадан өту рәсімдерінен өтуі де лайықсыз деп саналады. Сондықтан олар паспорттың орнына арнайы министрлік құжатын пайдаланады. Алайда Жапонияның Сыртқы істер министрлігі олардың сапары туралы баратын елді алдын ала хабардар етуі тиіс.

Жапон император әулетінің басқа мүшелеріне бұл ерекшелік берілмеген, олар дипломатиялық паспортпен саяхаттайды.

Айта кетейік, Рим папасына да шетелге шығу үшін паспорт қажет. Ол Ватикан мемлекетінің немесе өзі азаматы болып табылатын елдің жеке басын куәландыратын құжаттарын пайдаланады.

 

Еске салайық, бұған дейін 1 қарашадан бастап Қазақстанға визасыз кіретін шетелдіктер елге ұшпас бұрын ақылы электронды рұқсат алуға міндеттелетінін жазған едік. QazETA жүйесі арқылы рәсімделетін рұқсаттың құны 3900 теңге болады, ал шекарада рәсімдеген жағдайда төлем екі есе жоғары – 7800 теңге. Жаңа талап алдымен әуе қатынасына, кейін Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттеріне енгізіледі.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 20 Қыркүйек, 2026 19:55