1 қарашадан бастап шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін ақылы электронды рұқсат алуға міндеттеледі
Қазақстан визасыз кіре алатын шетелдіктер үшін елге кіруге арналған ақылы электронды рұқсаттарды кезең-кезеңімен енгізе бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанға кірудің жаңа ережелері туралы толық ақпаратты Сербияның сыртқы істер министрлігі жариялады.
Electronic Travel Authorization (ETA) рұқсаты QazETA цифрлық платформасы арқылы беріледі. Рұқсат алу үшін өтінішті сапарға шығардан кемінде 72 сағат бұрын беру қажет. Рұқсат 180 күнтізбелік күнге жарамды және осы кезең ішінде елге бірнеше рет кіруге мүмкіндік береді.
QazETA платформасы арқылы рұқсат рәсімдеу кезінде алынатын төлем 3900 теңге болады деп жоспарланған. Ал рұқсатты шекарада рәсімдеу құны екі есе жоғары болмақ – 7800 теңге.
1 қарашадан бастап Қазақстанға ұшақпен келетін шетелдіктер үшін электронды рұқсат алу міндетті болады. Ал 30 қарашадан бастап бұл талап ЕАЭО-ның ішкі шекараларындағы – Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттеріне де қолданыла бастайды.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев мемлекеттік шекарадан өту тәртібін түбегейлі өзгертетін ауқымды заңнамалық түзетулерге қол қойғаны туралы жазған едік. Жаңа заңға сәйкес, шетел азаматтары үшін Қазақстанға кіру ақылы болады және цифрлық рұқсат беру жүйесі енгізіледі.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
